×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Дүкенге соғылған автобус: күдіктіні үйқамаққа ауыстырды

02.07.2024, 13:17
Дүкенге соғылған автобус: күдіктіні үйқамаққа ауыстырды
Коллаж Ulysmedia

Алматы қалалық соты күдікті Әнел Сартаеваны үйқамаққа жіберу жөнінде қаулы шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыда автобус апатына байланысты қамауға алынған Әнел Сартаеваның адвокаты өз қорғауындағы адамға қатысты бұлтартпау шарасы өзгергенін хабарлады.

"Бұрын таңдалған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы жойылды. Жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Тергеу кезеңінде Әнел үй қамауында болып, баласына қамқорлық жасай алады", – деді адвокат.

Бұған дейін

Алматыда "5:32", "Эскорт" және басқа да танымал сериалдардың продюсеріАнель Сартаева қамауға алынған. 

Автобус апаты

Kia авто жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, City-Bus ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-маршруттық автобуспен соқтығысқан.

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы автобус апатынан 25 адам зардап шеккенін хабарлады. Екеуі көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберілген. Тағы 22 зардап шеккен адам ауруханаларға жеткізілген. 

Ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы орташа ауыр ретінде бағаланды. Бір жәбірленуші оқиға орнына дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.