Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штаб қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпаратына сүйене отырып, өңір жүргізушілерін ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
3 шілдеде Атырау-Орал тас жолының белгілі бөлігі уақытша жабылады.
"Ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты 3 шілдеде сағат 8:00 - ден Атырау қаласынан Махамбет ауылына дейінгі Атырау-Орал Республикалық маңызы бар трассасының 5-67 шақырымында учаске жабылады", - делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары тек 8 шілдеде аяқталады.
Орал қаласына баратын жеңіл автомобильдер Атырау-Индер жолын пайдалана алады. Ауыр жүк машиналары үшін Махамбет-Х. Ерғалиев - Таңдай бағыты бойынша жол ашылды.