×
475.03
517.21
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.03
517.21
5.44

«Неге мен ақталып пост жазуым керек»: Қоянбаев журналистерге ренішін жеткізді

03.07.2024, 10:10
ашық дереккөзден

Белгілі әзілкеш Нұрлан Қоянбаевтың Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне келуі желіде қызу талқыланып жатыр. Актердің өзі осы жөнінде әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қоянбаев не дейді

Әзілкеш Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасы екенін, №45 гимназия мектебін алтын белгіге бітіргенін жазады. Қазақ Ұлттық Әл-Фараби университетінің тарих факультетінде білім алып, экономика және құқық академиясында қаржы және кредит мамандығын аяқтағанын жазады.

– 300 милиондық аудиториясы бар, ең ірі жастардың ойынында, Мәскеу қаласында қазақтың әзілін төрге шығарған команданың капитаны болдым. (тек мықты мемлекеттердің ғана әзілі дамыған: АҚШ, Англия, Франция т.б) Телеарна саласында бағдарламамыз 9,3 рейтингімен рекордтық нәтиже көрсетті. Оны телеарна саласында қызмет атқаратындар, телевизия тарихындағы ең жоғарғы рейтингтерінің бірі екенін айтып бере алады, - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Актер кино саласына келіп, ол саланың маманы болмаса да, Голливудтың дәуірін тоқтаттым дейді. Мемлекеттік бюджеттен бір тиын алмай, жұмыс істеуге болатынын көрсетіп, бұл үрдіс жас режиссерлерге серпін беріп, жол ашып, соңғы кездері жылына 120 ға жуық отандық фильмдер түсіріліп жүргенін айтады. Яғни, жыл сайын Голливудтқа кететін 100 млн долларға жуық ақша, енді елімізде қалып жатыр. Ол дегеніміз 4-5 жылда 500 млн доллар!

– Мұның барлығы креативтің арқасында. Осы креативті ойларымды пайдаланып еліме қызмет еткім келеді. Облыс әкімдерімен кездесіп, көп ойларыммен бөлісіп жүрмін. Әзірге тек Түркістан облысы ғана креативті идеяларымды қолдады. Ешқандай айлықсыз және бюджеттен тыс, - деп атап көрсетеді.

Журналистер «сайқымазақ», «клоун» деп жатыр

– Байқағаным, кейбір біршама журналистердің мақалаларында “Сайқымазақ”, “Клоун” деген сияқты сөздер шығуда. Мен сайқымазақ емеспін, мен Қазақпын! Ешкімге керек емес, ешкім мән бермитін әзіл саласында 25 жыл еңбек етіп, 5 мың теңгелік айлықтан, 100 миллион долларлық индустрияны қалыптастырған креативті продюсерлерінің бірімін! - дейді ол.

Нұрлан Қоянбаев ақпарат министрінің вице-министрі - Кочетов Евгений деген азамат тағайындалғанда ешкім шулап, резонанс тудырмады дейді. Өзі де Кочетов Евгений сияқты еліме қызмет жасағысы келетінін айтады. 

– Неге мен өз елімде тіпті, айлығы жоқ қызметке тұрғанда, ақталып, пост жазуым керек?! Негізі, негатив жазатындар көп емес. Айтқым келгені, елімізді дамытамыз десек, позитивті, текті қазақтардың белсенділігі қажет. Әр жерде, әр салада, тіпті коммент жазуда да ұтылмайық, - дейді ол.

Қоянбаев қызметке келді

Нұрлан Қоянбаев  Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды белгілі әзілкеш Нұрлан Қоянбаевты неге жұмысқа шақырғанын айтқан.

Қоянбаев жайлы

Нұрлан Қоянбаев 1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996-2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде білім алған. 2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясында қаржы және несие факультетінде оқыды. 2012-2015 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Бұған дейін ол ҚР Президенті телерадиокешенінің креативті директоры, "Қазақстан" ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Республикалық телеарналарда басқа да танымал жобаларды ұйымдастыруға атсалысқан. Кассалық тұрғыдан өзін-өзі бірнеше есе ақтаған бірнеше фильмді түсірген.

Серіктес жаңалықтары