×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Үндістандағы қайғылы оқиға - Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты

03.07.2024, 22:10
Үндістандағы қайғылы оқиға - Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты
EPA/TACC

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты.

“Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып, қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін,” – деп жазылған жеделхатта.

Уттар-Прадеш штатында 100-ден астам адамның қысылып қаза тапқаны белгілі болды. Бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, мұның бәрі діни іс-шара кезінде болған. Шатырда қатты ыстық болып шығар тұста адамдар қысылып өлген.

Қаза тапқандардың басым бөлігі әйелдер.