×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Шымкентте жас қыз көпірден секірмек болған: оны сарбаздар құтқарды

04.07.2024, 16:53
Фото: ашық дереккөздерден

Шымкентте Ұлттық ұлан қызметкерлері көпірден секіріп, өзіне қол салмақ болған қызды құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 3 шілде күні болды. Шамамен сағат 14:30-да Шымкент қаласының Еңбекші ауданында Ұлттық ұлан қызметкерлері жас қыздың көпір қоршауының сыртында тұрғанын байқаған.

Қызметкерлер мәліметті жақын маңдағы патрульдік топтың бастығы Раулан Өтебаевқа жеткізген. Ол қатардағы патрульдік қызметтегілер Арыстанбек Анарбай және Дулат Ауғанбаевпен бірге көрсетілген жерге жеткен.

«Көпірден секіруге тырысқан қызды көргенде, біз дереу оған қарай жүрдік. Бұл кезде ол көпір қоршауының сыртында тұрған болатын. Ол көпірден секіремін деп қорқытты», - дейді қатардағы жауынгерлердің бірі.

Олар қызбен әңгімелесіп, көпірден секірмеуге көндіруге тырысқан. Осы кезде сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар да қызды бұл әрекетінен бас тартуға үгіттеген. Сәл күткеннен кейін, ұлттық ұлан секірейін деп тұрған қызды шап беріп ұстап қалады. Осыдан кейін оны сабасына түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Серіктес жаңалықтары