×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Шетелдік азамат Қазақстанда есірткі арнасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

05.07.2024, 17:15
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстанда есірткі арнасын ұйымдастырды деп түзеу мекемесінде қамауда отырған шетелдік азамат күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҰҚК Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстан Республикасына есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті. 21 маусымында Маңғыстау облысында 10 елі гашиш өткізу кезінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Есірткі арнасын ұйымдастырды деп түзеу мекемесінде осындай қылмыс жасағаны үшін қамауда отырған шетелдік азамат күдікке ілінген. Сотталушының жойылған есірткі арнасына қатысы туралы дерек Қызылорда облысы юойынша ҚАЖД көмегімен құжатталды», — делінген хабарламада.

Тінту барысында олардан 50 грамм апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 миоллион теңгеден аса қаражат алынды. 

«Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды», — деді ҰҚК.

Серіктес жаңалықтары