×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Алматыда тағы да автобус апаты - жараланғандардың жағдайы қалай

05.07.2024, 20:40
Видеодан скриншот

Бұл туралы Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, апат салдарынан 5 адам зардап шеккен.

"Апат салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың үшеуі №4 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, онда қажетті тексерулерден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. 15 жастағы бір бала балалар ауруханасына жеткізілді, онда барлық тексерулерден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. Тағы бір жәбірленуші сол жерде тексеріліп, медициналық көмектен бас тартты", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция не дейді

"Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта жүріп, солға қарай Түлкібас көшесіне бұрылып, солтүстікке қарай келе жатқан автобуспен соқтығысуға жол берді", - делінген хабарламада.

Еске салайық

Бұған дейін  Алматыдағы дүкенге автобус соғылған еді. Kia авто жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, City-Bus ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-маршруттық автобуспен соқтығысқан.

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы автобус апатынан 25 адам зардап шеккенін хабарлады. Екеуі көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберілген. Тағы 22 зардап шеккен адам ауруханаларға жеткізілген. 

Ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы орташа ауыр ретінде бағаланады. Бір жәбірленуші оқиға орнына дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.

Ал автобус апатына байланысты қамауға алынған Әнел Сартаеваның адвокаты өз қорғауындағы адамға қатысты бұлтартпау шарасы өзгергенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары