×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ҰҚМК: Қырғызстанда 31 тамыз күні билікті күшпен басып алу жоспарланған

07.07.2024, 12:30
ҰҚМК: Қырғызстанда 31 тамыз күні билікті күшпен басып алу жоспарланған
АКИпресс

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті елде бірнеше ай бойы билікті күшпен басып алуды жоспарлаған топты ұстап, мемлекеттік төңкеріс әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елде белгілі бір деструктивті саяси күштердің ықпалымен бірнеше ай бойы билікті күшпен басып алуды жоспарлаған. 

Комитет баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар мұны елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру және Бішкек қаласында азаматтардың өліміне әкеп соқтыратын жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру арқылы жоспарлаған.

«Осы жылдың 31 тамызында көрсетілген тұлғалар Бішкек қаласының маңында еліміздің барлық өңірлерінен жастарды, соның ішінде алдын ала дайындалған, деструктивті күштерді көптеп шоғырландыру мақсатында спорттық ойындар ұйымдастыруды жоспарлаған.

Сондай-ақ бұл спорттық шараға жамағатты Бішкек қаласына жаяу жүруге шақыру үшін жекелеген оппозиция жетекшілерін арандатушы ретінде шақыру жоспарланған болатын. Одан кейін деструктивті спортшылар мен қылмыстық топтардың арасынан алдын ала дайындалған адамдар жағдайды пайдаланып, жиналған халықты Бішкек қаласына бағыттап, жол бойында зорлық-зомбылықпен, ойран салып, өрт қоюмен, дүние-мүлікті қиратумен, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болған және елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру және билікті күшпен басып алу мақсатында атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану және билік өкілдеріне қарсылық көрсету ойларында болған.

Бұл ретте алдын ала дайындалған адамдар тобы арандатушылық пен жағдайды ушықтыру мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлері мен азаматтарға қарсы қолдану үшін атыс қаруын алу үшін спорттық тирді басып алуды қамтамасыз етпек”, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.

Ұсталған бес азамат 2024 жылғы 21 тамызға дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.