×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Астана күні мерекесі көпшіліктің көңілінен шықты ма

07.07.2024, 15:58
Астана күні мерекесі көпшіліктің көңілінен шықты ма
Астана қаласы әкімдігі

Астана күнін мерекелеуге барған қала тұрғындары мен қонақтары қолайсыз жағдайдың көп болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мереке күні

Думанды дүбірі таңертеңнен естіле бастаған Астана күні мерекесі жалпы алғанда жаман деңгейде өткен жоқ. Еліміздің эстрада әншілерінің қатысуымен жер-жерде өткен үлкенді-кішілі концерттер, өзге де бағдарламалар қала қонақтары мен тұрғындардың көңілін бір серпілтіп тастағаны рас.

Алайда адам нөпірінің көптігінен бе, әлде ЭКСПО көрме кешені маңындағы Open Air концерттік бағдарламасының кешенді ұйымдастырылмағандығынан ба, қолайлыз жағдай көп байқалды.

Көңілден шыққан концерт

Әрине, бұл концерттің бағдарламалық жағынан ұйымдастырылуына тағар айып жоқ. Әсіресе жастар сүйіп тыңдайтын Садриддин, Ninety One, Orda, Raim, Sadraddin, Kalifarniya, Nazima, Alpha, T'Ol, Imzi, Курмаш Махан, Jazzdauren сынды әншілер мен эстрадалық топтар ашық аспан астын нағыз думанға бөлеп, шоуға айналдырды.

Жаңбыр төкті…

Концерт әдеттегідей Арқаның салқын самалымен басталды. Абырой болғанда масалар бұл күні мазаны алмады. Әдетте ЭКСПО жақта масадан маза кетіп, алаңсыз жүру мүмкін емес еді.

Ал бұлтты аспан күңгірттеніп, тіпті шоу аяқталар тұста күні бойы жауғалы тұрған жаңбыр ақыры жауып тынды. Алайда мерекелік тосынсыйлар астаналықтарды жаңбырдан қашуға мұрша бермеді.

Дрондар шоуы

Aspan GaLaxy ұйымдастырған әуедегі дрондар шоуы керемер әсер сыйлады. Астана төбесіне көтерілген 1250 ұшқышсыз ұшу аппараты тізіліп Жер шары, Қазақстан картасы, Астананың көрікті ғимараттары композициясы мен тау, көк байрақ бейнелерін жасады. 

Дегенмен…

Алайда қала басшылығының шамамен 100 мыңдай адам жиналған алаңның жан-жағын қоршап, тек санаулы жерден ғана кіріп-шығуға жағдай жасағаны дұрыс болмады. Оның үстіне қоршаудың ішінде бір-бірін іздеген елдің қарасы қалың болды. 
Айтпақшы ата-анасынан қара үзіп, адасып қалған балалар да аз болмады. Ол туралы жүргізушілердің концерт арасында анда-санда хабарлап тұрғанынан естіп жаттық.

“Жас шамасы ондардағы бір ұл баланың ботадай боздап келе жатқанын анадайдан байқадым. Айналасындағы бір адам мән берер емес. Алдынан шығып, сұрастырып едім ата-анасынан адасып қалыпты. Полицияға хабарласайын десем, байланыс жоқ. Әйтеуір алдымыздан Ұлттық ұлан сарбаздары шығып қалды. Соларға тапсырып жібердік, балақай үйіне аман-есен жеткен шығар деп үміттеніп отырмын. Дәмханалар мен дүкендерде де толған кезек. Енді мұндай іс-шараға келмеспін”, дейді Нұрбану ісімді қала қонағы.

Байланыс қайда кетті

Расында алаңда ине шаншыр орын болған жоқ. Сеңдей соғылған адамдардан аяқ алып жүргісіз. Ал неге екені белгісіз, не байланыс, не интернет желісінің қолжетімділігі мүлдем төмен түсіп кетті. Цифрлық Қазақстан деп, бірнеше миллион халқы бар Токиодан озып кеткеніміз осы ма? 

Үйге қайтарда не автобусқа отыра алмай, не такси жалдай алмай тығырыққа тірелген халықты көрдік.

“Осындайда қоғамдық көліктерді тоқтатпай, барынша көбірек жүргізіп қойса болмас па еді. Не интернет тартпайды, такси шақыра алмай тұрғанымызға бір сағаттан асты. Балаларымның да мына жаңбыр мен желден мазасы қашты. Көлігіммен келуге жүрексініп едім, бір жағынан үйге қойып кеткенім дұрыс болыпты. Мына жерден шығу да мүмкін емес, дейді Темірбек есімді жігіт ағасы.  

Қысқасы түнделетіп ЭКСПО кешенінен “Мәңгілік ел” қақпасына дейін үркердей болып көшкен жұртты көріп көңіл түсті.