×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бурабайда демалып жатқан 10 бала ауруханаға түсті

08.07.2024, 11:13
Бурабайда демалып жатқан 10 бала ауруханаға түсті
Фото: ашық дереккөзден

Бурабайға демалуға келген 10 бала ауырып, Щучинск қаласының көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, Павлодардағы балалар үйінің тәрбиеленушілері 2024 жылдың 30 маусымынан бастап Edelweiss borovoe балалар сауықтыру орталығында болған.

«7 шілде күні, шамамен сағат 11:30-да он балаға диагноз қойылып, олар Щучинск қаласының көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды. Қабылдау бөлімінде балаларды инфекционист және отоларинголог қарап, COVID, ротавирус пен энтеровирусқа, менингококкқа талдама алынып, қанның жалпы анализі жасалды. Екі балаға кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы жасалды. Үш балаға бұлшықет ішіне антибиотиктер, қалғандарына ауыз арқылы қабылданатын антибиотиктер және тамақты шаю тағайындалды», — деп хабарлады мекемеде.

Алты балада тонзиллит, екеуінде бронхит, біреуінде ларинготрахеит, ал тағы біреуінде назофарингит анықталды.​​