×
475.03
517.21
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.03
517.21
5.44

Қазақстанда тәңіршілдік орталығы ашылды

08.07.2024, 13:42
Фото: Тэнгэри

Қазақстанда Бурятиядан шыққан «Тэнгэри» шаман орталығының филиалы пайда болды. Бұл туралы «Буряад унэн» басылымы жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Тэнгэри» шаман орталығының Қазақстандағы филиалы орталығымыздың дамуына қосқан үлесі үшін «Тэнгэриин Мургэлэй Хусэн» марапатын алды», - деді «Тэнгэри» орталығының Қазақстандағы филиалының басшысы Баир Цырендоржиев.

Тәңіршілдік - Еуразия далалары мен Орталық Азияның түркі-моңғол көшпенділерінің және олардың ықпалына ұшыраған халықтардың Тәңірге табынатын ортағасырлық этникалық діни түсініктердің бірі.

Бұрын білім беру саласының сарапшысы, кітаптар авторы және кәсіпкер Ғабит Бекахметов Қазақстанда «агрессивті тәңіршілдіктің» таралуы туралы пікір білдірген болатын.

«Қазіргі Қазақстандағы ең деструктив идеология - тәңіршілдіктің агрессив формасы. Бұл агрессивті идеология жетістікке жетсе, қазақтар сенімінен, тілінен, бірлігінен айырылады», — деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары