×
474.26
514.48
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.26
514.48
5.43

Қостанайда 9 миллион теңге пара алып жатқан шенеунік ұсталды

09.07.2024, 10:32
Фото: скриншот

Қостанайда шенеунік мердігерден 9 млн теңге алып жатқанда ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде пара алу фактісін анықтады. 

«Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау арқылы орындалған жұмыс және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулатория салатын компанияның бас инженерінен 9 000 000 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған. Тергеу барысында күдікті қолма-қол ақша алу кезінде ұсталды», - деп хабарлады агенттік. 

Заңсыз сыйақы мөлшері көрсетілген объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1% құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары