×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Павлодар соты қыз зорлады деп айыпталған адамды ақтады

10.07.2024, 10:20
Коллаж: Ulysmedia

Павлодар соты жарты жыл кездесіп жүрген қызды зорлады деп айып тағылған адамды ақтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

№ 2 Павлодар сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті алты ай бойы жұп болып жүрген қызбен соңғы кездесуінде дау шығып, оны соққыға жыққан. 

"М. аяқ-қолымен Н.-нің басынан, денесінен ұрған, тепкен, содан кейін тұншықтырған. Нәтижесінде зардап шеккен әйел әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Сол жерде Н. құқық қорғау органдарына жүгінді", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Қылмыстық іс екі бап бойынша қаралған: денсаулыққа қасақана зиян тигізу және зорлау. Іс материалдары сотқа жіберілген соң процесс жабық режимде өткен. Сот тергеуі барысында зорлау дерегі расталмай, бұл бап бойынша күдікті ақталды. Бірақ ол қызды соққыға жыққаны үшін кінәлі деп танылды. 

Серіктес жаңалықтары