×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 30 бала суға кетті

11.07.2024, 14:37
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 70 адам, оның ішінде 30 бала суға батып кетті. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 83 ересек, 23 баланы құраған еді. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Комитет төрағасы орынбасарының дерегінде, суға батып кеткендердің 85 пайызы белгіленбеген, жабдықталмаған, рұқсат етілмеген жерлерде суға түскен. Қалған 15 пайыз оқиға Алматы, Маңғыстау, Абай, Ақтөбе, Павлодар облыстарындағы рұқсат етілген шомылу орындарында болған: . 

“Өздеріңіз бен жақындарыңыздың өмірін сақтау үшін рұқсат етілген, қауіпсіз жерлерде суға түсу керек екенін еске саламыз. Рұқсат етілген орындар туралы деректер БАҚ беттерінде, әкімдік сайттарында, аймақтық департаменттерде бар. Елде азаматтар жүзуге, балық аулауға баратын 85 мыңнан астам өзен, 48 мың көл бар. Бұқаралық демалысқа арналған 708 орын бекітілген. Олардың 167-і коммуналдық, 425-і жекеменшік жағажайлар. Қалған 116-сы спорт пен туризмге арналған”, – деді Ахметжанов. 

Оның сөзінше, биыл батып бара жатқан 131 адам құтқарылған. Олардың 35-і – балалар. 

Серіктес жаңалықтары