Қазақ боксшысы, WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичке қарсы өтетін жекпе-жек алдында талып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Talksport.com-ның журналисі, инсайдер Майкл Бенсон WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичпен өтетін жекпе-жегі болмайтынын хабарлады.
Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайловичпен ертең кешке өтетін жекпе-жегі өтпейтін болды. Жәнібек бейсенбі күні салмақ қуу кезінде ағзаға су жетіспеушілігі салдарынан талып қалуына байланысты ауруханаға жатқызылды, - деп жазды Бенсон X әлеуметтік желісіндегі парақшасына.