×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Тоқаев Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптады

14.07.2024, 10:10
Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті, кезекті президенттік сайлау үміткері Дональд Трампқа жасалған қастандық жайлы жаңалыққа бейжай қарамай, өз пікірін білдіріп, қатаң айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда таратқан ақпаратта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Д.Трампқа тезірек сауығып кетуін тілеген.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді және оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді”, делінген Ақорданың ақпаратында.

Еске сала кетсек, Пенсильвания штатында өтіп жатқан сайлауалды митинг кезінде Дональд Трампқа қарсы оқ атылып, екі адам қаза тапты. Оның бірі митингке қатысушы, екіншісі экс-президентке қарсы оқ атқан күдікті.