×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандықтар Бекетаевтың сотын ашық өткізуді талап етті

15.07.2024, 09:15
Қазақстандықтар Бекетаевтың сотын ашық өткізуді талап етті
Коллаж: Ulysmedia

Адвокат Айман Умарова бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі бойынша соттың ашық өткенін талап етті, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

“Онлайн сот процесін қалаймыз. Бұл процес халық үшін қызық, әсіресе, адвокаттар мен заңгерлер үшін! Марат Бекетаев он жыл бойы әділет министрлігін басқарды ғой”, – деп мәлімдеді адвокат. 

Марата Бекетавқа жекеменшік компания басшылығымен бірге ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырып, алаяқтық, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу істері бойынша айып тағылып отыр. 

Резюме

 Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылғы 21 қазанда Антикор бұрынғы әділет министрінің лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен ұсталғанын хабарлаған еді. Агенттіктің мәліметінше, ол мемлекетке аса ірі залал келтірген, көрінеу талап етілмейтін қызметтер көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүдделерін қолдады.

Бас прокуратура Бекетаевтың елден қашпақ болғанда ұсталғанын хабарлады

Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары әділет министрі қызметінде болды. Қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті. Бекетаев бірнеше даумен есте қалды: оның есебінде ұзақ жылдарға созылған Қазақстаннан тыс сот тергеуі мен қашқын Мұхтар Әбіләзовтің ізіне түсу ісіне жетектішік еткені бар.