×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Заңсыз активтер. Антикор қанша қаржыны елге қайтарды?

16.07.2024, 22:04
Заңсыз активтер. Антикор қанша қаржыны елге қайтарды?
Ulysmedia

Антикор активтердің қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер нәтижесінде жыл басынан бері шамамен 195 млрд теңгені өндіріп алған.

Агенттіек олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылғанын атап өтті.

Нақты елдермен екіжақты ынтымақтастық маңызды рөл атқарады, соның арқасында Австрия, Франция, Лихтенштейн, Әмірліктер, Түркия, Ресей және басқа елдерден елге 736 млн доллардан астам ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар қайтарылды – деді агенттік төрағасы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоспарында үш негізгі вектор – Еуропа, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия ынтымақтастығын одан әрі кеңейту көзделген.