×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Қысым көрсетіп жатыр": Қызылорда әкімдігі мектеп ауласына арена салмақ

17.07.2024, 09:46
"Қысым көрсетіп жатыр": Қызылорда әкімдігі мектеп ауласына арена салмақ
Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада "Білім-Инновация" лицейінің спорт алаңқайы мен шағын бағы бар ауласын әкімшілік тартып алып, ағаштарды кесіп, футбол алаңын сүріп тастаған. Шенеуніктер ол жерге арена салмақшы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аталған мектептің оқушылары мен ата-аналары наразылық білдіріп жатыр. Олар мектеп ауласын балалардан тартып алмай, аренаны басқа жаққа салуды талап етті. Олардың сөзінше, әкімдік бұған дейін де лицей қарамағындағы жерді әкімшілік алып қойған. Алайда әкімшілік өкілдері ата-аналар мен оқушылардың наразылықтарына қарамастан құрылыс көліктерін лицей аумағына орналастырып қойған. 

“13 шілдеде Қызылорда облыстық “Білім-Инновация” лицей-интернат директоры биология бойынша халықаралық олимпиададан қола жүлде алған. Үйіне медальмен келген оны туған мектебіне жиналған бульдозерлер мен тракторлар күтіп алды. Неге? Себебі облыс әкімдігі ешкімнен сұрамай, мектеп территориясын арена салуға беретін боп шешкен. Өкінішке орай, әкімдік шешіміне қарсы шыққандарға қысым көрсетіліп жатқанын білемін. Бірақ мәселені әкімге, тіпті, ең жақсысы, Президентке жеткізіп көрейік”, – деп жазды білім саласын зерттеуші Нұрлан Иманғалиев.