×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шешімі жоқ проблема: министрлік онлайн-казино туралы

18.07.2024, 16:47
Шешімі жоқ проблема: министрлік онлайн-казино туралы
Фото: tinkoff.ru

Туризм және спорт министрлігі әзірге интернет-казиноларды насихаттау мәселесін толық шешудің жолын білмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вице-министр Мирас Төлебаев Қазақстанда онлайн-казиноларға тыйым салынғанын, ресми букмекерлік қызметке лицензия қажет екенін, алайда мұндай шаралардың жеткіліксіз екенін атап өтті.

"Өкінішке орай, бұл мәселенің әмбебап шешімі жоқ. Интернет-казинолар тіпті ғаламтор қатаң бақыланатын елдерде де гүлденіп тұр", - деді ол.

Шенеунік ұзақ уақыт бойы негізгі құрал тыйым салынған интернет-ресурстарды бұғаттау болғанын хабарлады. Мәселен, 2023 жылы билік 4 мыңнан астам заңсыз казино мен букмекерлік сайттарды бұғаттаған.

"Ұйымдастырушылар дереу басқа сайттар ашып, тыйым салынған қызметін жалғастырып жатыр", - деп қосты спикер.

Вице-министр құмар ойындар туралы заң күшіне енгеннен кейін онлайн-казино ұйымдастырушылар ҚР ҚК-нің 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, ол құмар ойын бизнесінің заңды ұйымдастырушыларының тізімі министрлік сайтында және е-лицензиялау порталында қолжетімді екенін айтты.