×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Төрт жастағы баланы өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

18.07.2024, 17:05
Төрт жастағы баланы өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөзден

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот өкілдері Абай облысында кішкентай баланы зорлаған, жәбірлеген және өлтірген қылмыскерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін (ҚК 124-бабы 2-бөлігі), азаптағаны (ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы) және өлтіргені (ҚК 99-бабы 3-бөлігі) үшін ер адамды, кәмелетке толмаған баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны, абайсызда оның өліміне әкеп соққаны (ҚК 141-бабы 2-бөлігі) үшін оның әйелін соттады", - делінген сот сайтындағы хабарламада.

Баланың анасы жұмыс іздеп кетіп, төрт жасар ұлын күтушіге қалдырған. Бұл үйде бала күтушінің 38 жастағы күйеуі оны төрт ай бойы қорлаған. Бір күні қылмыскер оны бірнеше рет ұрып өлтірген.

"Оның өлімін күтіп, балаға ешқандай көмек көрсетпеген. Содан кейін баланың денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына лақтырып жіберген", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, үйінде мас күйінде кәмелетке толмаған балалардың көзінше киімсіз жүрген ол өзінің тоғыз жасар қызына қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған.

Айыптауға сәйкес, қылмыскердің әйелі осы уақыт ішінде баланы қорғау үшін тиісті шаралар қолданбаған.

Сот айыпталушыны кәмелетке толмаған балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасап, оны өлтіргені үшін кінәлі деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Оның әйелі балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды және 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.