×
492.65
525.71
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
492.65
525.71
5.03

Күнбағыс майы бір жылда 56% қымбаттап кетті

16.11.2021, 12:27
Күнбағыс майы бір жылда 56% қымбаттап кетті
Фото: ulysmedia.kz

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте елде 131 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,4% - ға аз. Сонымен қатар тазартылған май өндірісі бірден 29,7%-ға, 109,8 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Өңірлік бөліністе тазартылмаған күнбағыс майын өндіру көлемі бойынша Шығыс Қазақстан (98 мың тонна), Қостанай (10,5 мың тонна) және Ақтөбе (8,3 мың тонна) облыстары көш бастап тұр.

Тазартылған май шығару бойынша Шымкент (47,3 мың тонна), Шығыс Қазақстан облысы (40,4 мың тонна) және Алматы (17 мың тонна) қаласы алғашқы үштікте.

Биыл сегіз ай қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар күнбағыс майына сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) 80,2%-ға, 75,6%-ға қамтамасыз етті.

Импорт үлесіне тиісінше 19,8% болды. Елге жыл басынан бері 54,5 мың тонна май әкелінді — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,1% - ға аз. Экспортқа 58,5 мың тонна күнбағыс майы жіберілді, жылдық көрсетікшке минус 25,5%.

Биылғы қазан айында елде бір литр күнбағыс майын 767 теңгеге сатып алуға болады — бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 56,2% - ға көп. Бір ай ішінде баға 0,3% — ға, жыл басынан бері 29,9% - ға өсті.

Еліміздің ірі қалалары арасында күнбағыс майының бір литрі Атырауда (836 тг), ал арзаны Петропавлда (664 тг).

Өңірлік бөліністе жылдық динамикадағы бағалар БҚО-да бірден 71,7%-ға, Қостанай облысында 70,9%-ға, Ақмола облысында 69,8% -ға өсті. Ең аз жылдық өсім Қарағанды облысында және Астанада — әрбір өңірде 44,3%- ға тіркелді.