×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Әр мектеп күзет агенттігімен 3 жылға келісімшартқа отыруға міндеттеледі

16.11.2021, 14:52
Фото: Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әр мектеп күзет агенттігімен 3 жылға келісімшартқа отыруы, сол арқылы оқушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Білім беру саласының өзекті мәселелерін шешу керек.  Кез келген адамның бәсекеге қабілттілігі біліміне тікелей байланысты. Мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында қауіпсіздікті сақтау – өзекті мәселе. Оқушылар мен студенттерді кез келген қауіптен қорғауымыз керек. Сол үшін бәріне ортақ ереже әзірлеу керек. Оқу орындары күзет агенттігімен қазір бір жылға келісімшартқа отырады. Келісімшартты жыл басында жасайды. Ал бұл дегеніміз жыл ортасына жылжып кетеді деген сөз. Мұндай келісімшарттарды ұзағырақ уақытқа, үш жылға жасаған тиімді болар еді. Оған рұқсат беру үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек», - деді президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар төтенше жағдай кезінде не істеу керектігін үйреткен жөн. Сонда ғана ол өзін ғана емес, өзгені де құтқара алады.

Серіктес жаңалықтары