×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

«Мен педагогпін». Қапшағайда бейтаныс әйел кастюммен шомылып жүр

22.07.2024, 19:38
скрин

Қапшағайда демалып жүрген бейтаныс әйел көлде кәдімгі күнделікті жұмысқа киетін кастюммен шомылып жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол бұл әрекетін «мен педагогпін, маған купальникпен шомылуға болмайды» деп түсіндіреді.

Мен Қапшағайда жүрмін. Мен – педагогпін. Маған купальникпен шомылуға болмайды. Мен кастюммен түстім. Мен ешқашан өзімнің педагок екенімді ұмытпауым қажет. Мен қай жерде болсам да – педагогпын! – дейді ол.

Бұл видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылардың пікірі сан түрлі. “Бұл былтырғы Түркияның түнгі клубына барған мұғалімдерді қолдау акциясы ма?”, “Педагогтарда ойын күлкімен өмір сүруге хұқылы.” т.б. қатарлы түрлі ойлар жазылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары