×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Омбудсмен кәсіпкерлерге колонияларда бизнес ашуды ұсынды

24.07.2024, 15:45
Омбудсмен кәсіпкерлерге колонияларда бизнес ашуды ұсынды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Шығыс Қазақстан облысындағы ҚАЖ-нің No18 колониясында болған кезде қазақстандық кәсіпкерлерге колонияларда кәсіп ашудан қорықпауды өтініп, «бұл жерде адамдар жұмыс істегісі келетінін, бірақ барлығына жұмыс жетпейтінін» айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

«Түзеу мекемелерінде кәсіпкерлікті дамыту үшін кәсіпкерлерді тарту мәселесі өзектілігін жоғалтпай тұр. Бұл сұрақты мен барған барлық дерлік мекеме басшылары көтереді. Біз, әрине, бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеуіміз керек және мен кәсіпкерлерді осындай орындарда кәсіпорындар ашудан қорықпауға шақырамын, өйткені тәжірибе көрсеткендей, мұнда адамдар қалай жұмыс істеу керектігін біледі және ең бастысы жұмыс жасауға деген ынталары жоғары», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев.

Қазіргі таңда колонияда ағаш, металл және жиһаз жасаумен айналысатын 7 кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2 жылыжай мен техникалық қызмет көрсету станциясы бар. Барлығы 230 сотталған азамат жұмысқа орналастырылған. Бұл ретте жұмыс орындарына деген сұраныс ұсыныстан қарағанда айтарлықтай көп.

Омбудсмен колониядағы сотталғандардың жағдайымен танысып, мекеменің ең төменгі халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексерді. Артур Ластаев пен оның кеңсесінің өкілдері асхана, тұрғын үйлер, медициналық пункт, өндірістік нысандарды аралап шықты. Жеке әңгімелесу барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотталғандардың қамауда ұстау жағдайлары туралы пікірін біліп, сұрақтарына жауап берген.