×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Димаш «I am a Singer 2024» жобасына қонақ ретінде қатысады

24.07.2024, 23:51
Ашық дереккөзден

Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «I am a Singer 2024» жобасының финалында арнайы қонақ ретінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы әншінің ВК-дағы еуразиялық фан клубы хабарлады. Ал Димаштың байқауда өнер көрсететіні жайлы бейнеролик алғаш қытайлық Weibo әлеуметтік желісінде тарады. 

Финалға шыққан жеті үміткер үш топқа бөлініп, оның аясында бірінші тур сайысы өтеді. Әр топтан үш жеңімпаз және қалған қатысушылардың ішінен таңдалған төртіншісі шоудың жеңімпазын анықтайтын екінші турға өтеді.

Димаш америкалық әнші, тележүргізуші, композитор және актриса Шанте Мурмен дуэт құрып өнер көрсетеді.

Жобаның ақтық бәсекесі 26 шілде күні тікелей эфирде көрсетіледі.

Байқау шартына сәйкес, финалистер бірінші кезеңде арнайы шақырылған әншілермен жұптасып ән шырқайды.

Серіктес жаңалықтары