×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Байсуфиновтің соңғы ойыны. Қазақстан Тәжікстанды жеңді

17.11.2021, 09:35
Фото: ҚФФ

Қазақстан Нұр-Сұлтандағы футболдан жолдастық кездесуде Тәжікстанды 1:0 есебімен жеңді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жалғыз голды ойынның 12-ші минутында қарсыластардың қақпашысының қателігінен соң Бахтиер Зайнутдинов салды.

Белгілі болғандай, бұл отандық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтің биыл соңғы жетекшілік еткен жарысы болып отыр.

«Бұл нәтижені жыл бойы күттік. Сондықтан аталған жеңіс біздің нағыз жанкүйерлерге арналады. Жігіттерге көп рахмет! Франциямен ойыннан және жиналып қалған келеңсіздіктерден кейін олар еңселерін көтеріп, осы жеңіске қол жеткізе алды», – дейді ұлттық ұжымның бас жаттықтырушысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасы Франция футболшыларынан 0:8 есебімен күйрей жеңілген болатын.

Серіктес жаңалықтары