×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Желідегі резонанс: Air Astana қызметкерлері рейске бойжеткенді кіргізбей шу шықты

28.07.2024, 09:58
Желідегі резонанс: Air Astana қызметкерлері рейске бойжеткенді кіргізбей шу шықты
скриншот

Air Astana әуе компаниясының бортсеріктері мас деп санап, рейске бойжеткенді кіргізбей қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Телетрапта болған оқиға жайлы ақпаратты бойжеткеннің өзі желі арқылы таратты. Алматы тұрғыны Карина Нәбиева стюардессалар кіргізбей қойған сәтін видеоға түсіріп алған.

Кадрларға қарағанда, әйелдің көзінің қызаруына байланысты оны стюардессалар қатты мас деп күдіктенген. Алайда бойжеткен сау екенін көрсету барлық сынақ, тексеруден өтуге дайын екенін мәлімдеген.

– Мен алкоголь, есірткі, кез келген нәрсе болсын, медициналық тексеруден өтуге дайынмын, — дейді ол видеода.

Жолаушылардың аргументтері Air Astana қызметкерлерін сендірмеген. Содан кейін бортсеріктер ұшақтың есігін тарс жауып алған.

Бойжеткен әуе компаниясып, сотқа беріп, материалдық және моральдық залал үшін өтемақы талап етуге ниетті екенін мәлімдеді. Бейне әлеуметтік желілерде резонанс туғызып, бір тәулікте 2 миллионға жуық қаралым жинады. Air Astana әзірге бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.

Мұның алдында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Air Astana әуе компаниясының үстінен шағым көп түсуіне байланысты пікір білдірген еді.