×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Франция туының түсі өзгерді

17.11.2021, 19:21
Фото: ашық дереккөз

Франция президенті Эммануэль Макрон елдің үш түсті туының көк түсін бастапқыдағыдай теңіз түстес етіп өзгертті. Бұл түс Францияның мемлекеттік рәмізінде 1976 жылға дейін болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

euronews.com-ның мәліметінше, Елисей сарайының сәнін келтіретін тулардың көгілдір түсі бір жыл бұрын өзгергенмен – айтарлықтай байқалмаған.

1976 жылы президент Валери Жискар д'Эстэннің шешімімен Еуропалық Одақ туының көк түсіне сәйкес келу үшін тудың түсін ашығырақ етіп өзгерткен.

«Республика президенті Эммануэль Макрон Елисей сарайын безендіретін үш түсті туларға қою көк түсті таңдады. Бұл Екінші жылдың еріктілері мен Еркін Францияның азаттық серіктерінің рухын оятады», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы ертең барлық ғимараттағы туларды өзгертетінін айтты.  

Серіктес жаңалықтары