×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мамыр айынан бері 17 мың адам тұрғын үй кезегінен шығарылған

29.07.2024, 16:21
Мамыр айынан бері 17 мың адам тұрғын үй кезегінен шығарылған
Коллаж: Ulysmedia.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметі бойынша, тұрғын үй кезегінде 650 мың адам тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өнеркәсіп министрлігі 2024 жылдың мамыр айынан бастап шамамен 17 мың қазақстандықтың тұрғын үй алу кезегінен шығарылғанын хабарлады.

КЕЗЕКТЕН ШЫҒАРЫЛУ СЕБЕБІ

"650 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр, оның ішінде 255 140-ы - әлеуметтік осал топтар. Тұрғын үй кезегінде тұрған адамдардың тізімдерін жыл сайынғы тексеру Қазақстанда шамамен 300 мың адамның тізімнен шығарылуы мүмкін екенін көрсетті. Яғни, талаптарға сай келмейтін, тұрғын үйі бар немесе заң бойынша тұрғын үйге үміткер болуға құқығы жоқ адамдар туралы айтылып отыр", - делінген хабарламада.

ТАЛАПҚА САЙ КЕЛМЕЙТІНДЕР

Кезекте тұрғандар арасында сәйкессіздіктер келесі негіздер бойынша анықталған:

  • Кезекте тұрған адамның және оның отбасы мүшелерінің тұрғын үй жылжымайтын мүлкінің болуы;
  • Кезекте тұрған адамның отбасы мүшелері туралы мәліметтердің сәйкес келмеуі;
  • Әлеуметтік мәртебенің сәйкес келмеуі (толық емес отбасы, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар және т.б.);
  • Мемлекеттік қызметші мәртебесінің сәйкес келмеуі (ekyzmet АЖ-де болмауы).