×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Боксшы Шүменовтың үстінен қозғалған іс тоқтатылды

30.07.2024, 18:33
Боксшы Шүменовтың үстінен қозғалған іс тоқтатылды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz порталының ресми сауалына жауап берген Ішкі істер министрлігі қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтың үстінен қозғалған іс тоқтатылғанын хабарлады.

Оқиға жайлы

2023 жылдың шілде айының басында Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде боксшы Бейбіт Шүменов бір жігітпен баласының көзінше төбелескен еді.

Кейінірек әлгі жігіттің шетел азаматы екені, ал боксшы мемлекетаралық іздеуге жарияланғаны белгілі болды. Шүменов ойын алаңында балалар шекісіп қалғаннан кейін төбелес басталғанын айтөан.

2023 жылдың тамыз айының басында боксшыны босатып жіберген полицейлер жұмыстан шығарылды.

Тараптардың татуласуы

– Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы аталған адамға қатысты ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қазіргі уақытта аталған адамға қатысты қылмыстық іс және қылмыстық қудалау тергеу нәтижелері бойынша тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, - деп хабарлады Ulysmedia.kz порталына ІІМ.

Ведомство сондай-ақ, егер тараптар татуласса, ауыр қылмыс жасамаған адам қылмыстық жауапкепшіліктен босатылатынын атап өтеді.