×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алаяқтық & пара алу: Прокурор Ағабековті 12 жылға қамауды сұрады

31.07.2024, 15:29
Алаяқтық & пара алу: Прокурор Ағабековті 12 жылға қамауды сұрады
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астана қаласының сотында Жасыл технологиялар орталығының бұрынғы басшысы Олжас Ағабековке қатысты пікірталастар өтіп жатыр. Прокурор оны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

НЕ ҮШІН СОТТАЛЫП ЖАТЫР?

Сот Олжас Ағабековке мына баптар бойыша айып тағып отыр: 

  • ҚР ҚК 361-бабының 4-бөлімінің 3-тармағы – «Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану»;
  • ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы – «Алаяқтық»;
  • ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлімінің 3-тармағы – «Пара алу».

Ағабековтің ұсталғаны туралы осы жылдың ақпан айында белгілі болды. Баспасөз құралдарында оны Дубайда өтетін халықаралық көрме павильонына бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат шықты. Сол кезде 270 млн теңге туралы айтылды. Алайда сотта 108 млн теңге туралы сөз болып отыр. 

Сондай-ақ істің экология министрі Ерлан Насынбаевтың Ағабековтің үстінен арыз түсірген соң қарала бастағаны айтылды

ІСТІҢ МӘН-ЖАЙЫ

Айыптаушы тарап КОП-28 көрмесінің бағасы көтерілген деп есептейді.

– Түпкілікті смета 330 миллион теңгеге жуық сомаға жасалып, ол да көтеріліп кеткен. Мәселен, бюджеттің «бейнежазба» бабы 16 миллион теңгеге есептелсе, іс жүзінде 3 миллион теңге ғана игерілген. Баға бірнеше рет түзетілді, өйткені Ағабеков нақты нені көбейту керектігі туралы әртүрлі нұсқаулар берді. Бұл ретте Ағабеков демеушілерді өзі табатынын айтқан, - деді прокурор.

Сондай-ақ айыптаушы тарап Ағабековті «Karabatan Utility Solutions» ЖШС басшысына консультациялық қызмет көрсетпеген деп есептеп, осы компаниядан алған 35 миллион теңгені пара деп атады.

ҚАНДАЙ ЖАЗА СҰРАЛДЫ?

- Үкімдерді ішінара қосу арқылы Ағабеков өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырумен 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесу сұралады, - деді мемлекеттік айыптаушы.