×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Мектепке дайындық. Астанада жәрмеңкелер өтетін орындар белгіленді

01.08.2024, 00:10
baq.kz

1-31 тамыз аралығында елорда бойынша бірнеше жерде мектеп жәрмеңкелері жұмыс істейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мектеп жәрмеңкесі 1-31 тамыз аралығында өтеді.

Мұнда кеңсе тауарлары мен мектеп формасын қолайлы бағамен сатып алуға болады, онда дүкендердегі бағадан төмен болады. Жәрмеңке бүкіл қалада жұмыс істейді – делінген хабарламада.

Жәрмеңкелер келесі орындарда өтеді:

- «Аймақтау» СҮ 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

- «Тұлпар» СҮ 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін.

- «Magnum» супермаркеті (Тұран даңғылы, 55Д) 3 тамыздан 1 қыркүйекке дейін тәулік бойы жұмыс істейді.

- «Анвар» супермаркеті (Тұран даңғылы, 45) 3 тамыздан 1 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін.

- «Тұмар» СҮ (Сығанақ көшесі, 1Б) 1 тамыздан 15 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін.

- «Сарыарқа» СОО (Тұран даңғылы, 24) 15 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін.

- «Рахмет» СО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

- «Джафар» СО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

- «Көктал» СОО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

- «Әсем» СОО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

- «Astana Mall» СОО 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 тамыз күндері, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

- «Аружан» СОО 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 тамыз күндері, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Астанада жетім балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету үшін ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы басталады.

Серіктес жаңалықтары