×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

130 млн теңге ұрлағаны үшін үйқамақ: Қарағандыда балалар бассейніне бөлінген ақша жымқырылды

01.08.2024, 09:22
130 млн теңге ұрлағаны үшін үйқамақ: Қарағандыда балалар бассейніне бөлінген ақша жымқырылды
скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттіктің ақпараты

Агенттіктің мәліметінше, балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік нысанның құрылысын бақылаған азамат іске тартылып отыр. Ол орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған.

– Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген, – делінген хабарламада.

Үйқамақ

Аталған азамат ұсталып, оған қатысты сот "үй қамақа  алу" шарасын қолданды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.