×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Ескі уақытты қайтару. Петиция бойынша шешім шықты

02.08.2024, 11:29
Ескі уақытты қайтару. Петиция бойынша шешім шықты
ашық дереккөзден

Бүгін Сауда және интеграция министрлігі жаңа уақыт белдеуіне қарсы петиция бойынша қоғамдық тыңдау өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірыңғай уақыт белдеуін жою жөніндегі өтінішті Сауда және интеграция министрлігі қабылдамады. Министрліктің өкілдері өтініш беруші мен жұмыс тобы мүшелерінің аргументін дәйексіз деп тапты.

– Өтініш берушілердің денсаулыққа немесе тұтынуға әсер еткені жөнінде дәйектері расталмады. Сондықтан мен қазір әкімшіліктің алдын-ала шешімін айтамын. Петицияны қанағаттандырудан бас тартылады, - деді вице-министр Қайрат Балықбаев.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев те мұның алдында ведомствоның позициясын білдірген еді.