Ол қазір Олимпиада ойындары өтіп жатқан Парижде жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ахметовтың Парижде жеңіл атлеттермен фотосуреті Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
– Федерация президенті Даниал Кенжетайұлы спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесу өткізді. Президент команданың әрбір мүшесінің маңыздылығын атап өтіп, Федерация алдағы уақытта да дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті, – делінген жазбада.
Бірнеше күннен бері жарыс жолына шыққан жеңіл атлеттер ел қоржынына әлі ешқандай медаль сала алған жоқ. Тек Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды.
Даниал Ахметов бірнеше жылдан бері федерациясы президенті қызметін атқарып отыр. Былтыр жазда Шығыс Қазақстан облысы әкімі қызметінен кеткеннен кейін саясат сахнасынан көрінбеген.