×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Түрмедегі Бишімбаевқа балаларыңыз бара ма – бұрынғы әйелі жауап берді

05.08.2024, 15:50
Түрмедегі Бишімбаевқа балаларыңыз бара ма – бұрынғы әйелі жауап берді
Коллаж Ulysmedia.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Instagram әлеуметтік желісінде белсенді. Өмірі жайлы оқырман қойған сұрақтарға жауап беріп отырады, деп хабарлады Ulysmedia.kz 

Оқырманның бірі Назым Қаһарманға «түрмедегі Бишімбаевқа балаларыңыз бара ма» деп сұрақ қойған.

– Неліктен балаларға, әсіресе маған аса қауіпті қылмыскерлер отыратын түрмеге барудың қажеті қанша? Балалар ол жаққа барып, өзінің дамуы мен қалыптасуы үшін пайдалы ештеңе таба алмайтыны анық. Тек зиян шегеді. Тіпті алғашында да балалар оны көру үшін түрмеге барғысы келмеген. Қорқынышты жер, - деп жазды Назым Қаһарман.

Сондай-ақ ол Қуандық Бишімбаевтың бірінші жұбайына қалай қарағанын айтты.

– Мен мүлде қалыпты қараймын. Маған іс жүзінде оның еш қатысы жоқ. Олардың некесі болды, бұл олардың тарихы, менікі емес. Басында менде қызғаныш болды. Менің барлық сұрағыма жауап берілді де, оған деген қызығушылығым жоғалды, - дейді Қаһарман.

Еске сала кетейік, Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман ашық сұқбат берген еді. Сұхбат барысында Назым 14 жыл некеде болған Бишімбаевпен және ата-енесі арасындағы қарым-қатынасты, ажырасу мен оның салдарын, марқұм Салтанат Нүкенованың өлімінен кейінгі отбасы ішіндегі жағдайды айтып берген еді.