×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

ҰБТ-да көп балл алған түлектер неге оқуға түспей қалды

06.08.2024, 12:48
ҰБТ-да көп балл алған түлектер неге оқуға түспей қалды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл сұрақ бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілерде талапкерлер мемлекеттік білім беру гранттары дұрыс бөлінбегенін айтып, наразылығын білдіре бастаған еді. Олар шешімнің әділетсіз екеніне сенімді. Талапкерлердің пікірінше, балы төмен түлектер грантқа түсіп кеткен. Айта кетерлігі, Үкімет су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан келген талапкерлерге гранттардың біршама бөлігін бөлген еді.

Министр не дейді

Саясат Нұрбек мемлекеттік білім беру тапсырысы бірінші кезекте мемлекет үшін басым салаларға бөлінетінін түсіндірді. Оларға инженерлік-техникалық, педагогикалық, ІТ, жылу энергетикасы, гидрогеологиялық, ветеринариялық бағыттар жатады. 

Осылайша, 10 607 талапкер 90-нан астам ұпай жинап, грантты жеңіп ала алмаған. Министр дене шынықтыру мұғалімдерін мысалға келтірді. Бұл бағытта 3452 адам грант ала алған жоқ, себебі мемлекет бұл мамандыққа тек 600 орын бөлген. Ал осы мамандыққа 5 600 талапкер құжат тапсырған. 

– Грант алмаған екінші үлкен санат (941 адам) –сән және дизайн. Биыл біз сән мен дизайнға 205 грант бөрдік, оған 1624 адам өтініш берген, – деді ол. 

Тағы бір үлкен категория – шығармашылық еңбек мұғалімдері. Грант саны 120 болса, оған 713 түлек таласқан.

– Жоғары балл алған, бірақ грант алмағандардың 70% қазір мемлекет үшін басым емес мамандыққа жүгінген балалар, - деді Саясат Нұрбек.

Енді не істеу керек 

Бүгінгі таңда 10 мыңға жуық грантты әкімдіктер, 870 грантты жұмыс берушілер, 850 грантты "Қазақстан халқына" қоры, 500 грантты үкімет, 3000 грантты 18 жетекші университет бөлгелі отыр.

Осылайша, ҰБТ-да жоғары балл жинаған, бірақ конкурстан өте алмаған балаларға білім алу үшін демеушілерді өз бетінше іздеуге, атап айтқанда әкімдіктерге, қорларға жүгінуге, жұмыс берушілерді іздеуге немесе жаңа филиалдарға түсу ережелерін зерделеуге тура келеді. 

Еске сала кетейік, 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланған болатын.