×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстан футболының басшылығы қызметінен кете ме

19.11.2021, 08:40
Фотода: ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин осы жылдың желтоқсан айында қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Спорт сарапшысы Айдын Қожахметтің айтуынша, Тәжікстанмен ойыннан соң отандық құрама киім ауыстыратын бөлмеге ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚФФ бас хатшысы кірген. Соңғысы жігіттерге жеңіс үшін алғысын жеткізіп, қызметінен кететінін де мәлімдеген.

«Бірақ, менің түсінгенім, оның лауазымын босатуы әзірге ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековпен келісілмеген. Футболымыздағы басты адам көмекшісінің кетуін әзірге мақұлдамаған», – дейді Айдын Қожахмет телеграм-арнасында.

Тиісті орынға «Қазақмыс» компаниясы басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары, қазіргі кезде қарағандылық «Шахтер» клубына жетекшілік ететін Әділет Барменқұлов келуі ықтимал.

Еске сала кетсек, Тәжікстанды жолдастық кездесуде жеңгенге дейін Қазақстан футбол құрамасы Франциядан ойсырай жеңіліп, сынның астында қалды. Содан кейін ҚФФ мемлекеттік қаржыландырудан бас тартты.

Серіктес жаңалықтары