×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Ақтөбе облысындағы дауыл: тұрғындар жарықсыз қалып, 35 үйдің шатыры ұшып кетті

11.08.2024, 16:58
Видео кадры

Ақтөбе облысындағы бір ауылда қатты дауылдан 35 үй шатырсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күшті дауыл Ойыл ауданының Көсембай ауылы маңында соққан. Жел 9 тамыз күні кешке соға бастаған.

Ақтөбе облысының әкімдігі ауылдағы ауа райының қолайсыздығы салдарынан 51 ғимараттың, оның ішінде 35 үйдің шатыры зақымданғанын хабарлады.

Қалған ғимараттар қоралар мен қосалқы құрылыстар. Ауылда барлығы 74 үй, 380 тұрғын бар. Ауыл тұрғындары өрт сөндірушілермен бірге құлаған ағаштар мен жұлынған шатырларды алып жатыр.

Электр бағаналары да зақымданған. Тоғыз баған құлаған, оның жетеуі қалпына келтірілді, учаскеде электр желілері бригадасы, 5 арнайы техникада 15 жұмысшы жұмыс істеп жатыр. Барлық бағаналар қалпына келтірілгеннен кейін ауылға электр жарығы беріледі. Келтірілген шығын әлі нақтыланған жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында кенеттен соққан боран ғимараттардың шатырын ұшырып кеткен еді