×
478.93
534.96
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.93
534.96
5.16

TikTok-та құмар ойын ұйымдастырған Астана тұрғындары сотталды

Коллаж Ulysmedia.kz

TikTok-та құмар ойын ұйымдастырып, өздері де ойнаған  Астананың екі тұрғынына қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

34 МЛН ТЕҢГЕ ПАЙДА ТАПҚАН

Екеуі 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар TikTok-та «Зарик» ойынын ұйымдастырып,  34 млн теңгеден астам пайда тапқан.

Ойынның ережесі бойынша ақшалай жүлде алғысы келген адам әлеуметтік желіге тіркеліп, тікелей трансляция арқылы ойынды қарап, ұйымдастырушыға жүлдені жеңіп алу үшін 500 теңгеден бастап 4 мың теңгеге дейін ақша төлеген.

АЛДАНҒАН АДАМДАР АҚША ЖІБЕРІП ОТЫРҒАН

Сөйтіп, жүлдеге үмітті адамдар өздерінің аты-жөні мен телефон номерлерін қалдырып отырған. Жүлденің иегері ойын кубиктер арқылы анықталатын болған. Осылайша, екі алаяқ TikTok-та «Зарик» ойынын ұйымдастырып,  34 млн теңгеден астам пайда тапқан.

Күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты. Енді олар күдікті емес, қылмыскер болып саналады.

Еске сала кететін бәр нәрсе, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметкерлері мен шекарашылары Қаржы мониторингi агенттiгiмен бiрлесіп, «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiнде жұмыс iстеген 8 жасырын казино әрекетінің жолын кестi.