Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы Рысқұлов даңғылында ер адамның көлікте қызға жұдырық жұмсап жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Видеоны түсірген адамның сөзінен белгілі болғандай, ер адам қызды көлігімен қуып жетіп, ұра бастаған.
«ҚЫЗДЫ ЕСАЛАҢНАН ӘРЕҢ ҚҰТҚАРДЫҚ»
Бейнетаспада көліктен айғай естіледі. Көлікке көшеде өтіп бара жатқан адамдар барып, қызды құтқаруға ыңғай танытады.
Қызды еласаңнан әрең құтқардық. Ол қызды ұрып, тістеп те тастаған, - делінген видеодағы дауыста.
Видео авторының айтуынша, белгісіз адам алдымен «Магнум» супермаркетінің автотұрағында қызға шабуыл жасаған. Содан кейін оны көлікпен қуа бастаған.
КӨШЕДЕ ӨТІП БАРА ЖАТҚАН ЕР АДАМДАР КӨМЕКТЕСТІ
Ол оның көлігін соғып қана қоймай, оны тағы екі рет ұруға тырысқан. Автотұрақта оны құтқарып қалғанымен, ол оны қуып жетіп, жұдырық жұмсады. Көлікке кіріп, ұра бастады. Осы арада көшеде кетіп бара жатқан ер адамдар немұрайлы болмай, есалаңды көліктен алып шықты, - деді ол.
Жетісу ауданының полиция басқармасы осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады, - деді полиция.
Биыл мамыр айында Алматыда спа-салонда жұмыс істейтін қызға белгісіз ер адам шабуыл жасаған болатын. Ол салонға кіріп, сыра сатуын сұраған. Қызметкер алкогольдік «ішімдіктерді сатпаймыз» деп жауап бергенімен,
ашуланған ер адам қызға алдындағы заттарды лақтырып, жанына барып шашынан ұстап, қол көтере бастаған. Ер адам Ресей азаматы болған.