×
480.61
534.53
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.61
534.53
5.28

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөлік табыс етілді

Allur компаниясы

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөліктің кілті табыс етілді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Оған Allur компаниясы Skoda Kodiag көлігін табыс етті.⠀

СЫЙЛЫҚТЫ ALLUR КОМПАНИЯСЫ ТАРТУ ЕТТІ

Компанияның президенті Станислав О-Юн-Бем спортшыға автокөліктің кілтін тапсырып тұрып, алдағы жарыстарына табыс тіледі.

Біз Нариманмен мақтанамыз. Ол болашақта еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды шырқатады деп ойлаймыз. Солай болатынына сенеміз, - деді ол.

Құрбанов болса компанияға сыйлық жасағаны үшін алғысын айтты.

Бұл сыйлық мені алдағы уақытта болатын жарыстарға ынталандырады. Сіздерге көп рахмет!, - деді ол.

Еске сала кетсек, Париж Олимпиадасында гимнаст Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуында күміс жүлдеге ие болды. Ол жаттығуы үшін 15, 433 ұпай алды. Ирландиялық Рис Маккленаган (15, 533) олимпиада чемпионы атанған. Қола медаль америкалық Стефан Недорошик (15, 300) иеленді. Бұл – Қазақстанның гимнастикадан Олимпия ойындарында алған ең алғашқы медалі.

Серіктес жаңалықтары