×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақсуда 7 жасар ұлды зорлаған: ұсталған күдікті шенеунік пе

19.08.2024, 13:38
Ақсуда 7 жасар ұлды зорлаған: ұсталған күдікті шенеунік пе
Фото: Ашық дереккөзденс

Жетісу облысында педофил ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция не дейді

Ақсу аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

– Күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қажетті сот сараптамаларын тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Тергеу шеңберіндегі өзге де деректер ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде таратылуға жатпайды, – деп хабарлайды Ақсу аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Партияның хабары

БАҚ ұсталған күдікті Аманат партиясының Ақсу аудандық филиалының басшысы Серікқан Жақыпов екенін жазады. Ulysmedia.kz порталы партияның баспасөз қызметіне хабарласқан.

– Биыл тамызда Жетісу облысындағы «AMANAT» партиясы филиалдарының ешбір қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ және қандай да бір қылмыстық іс бойынша күдікті саналмайды. Жетісу облысындағы «AMANAT» партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы С. Жақыповқа келетін болсақ, ол осы жылы 1 тамызда өтініш беріп, өз еркімен жұмыстан босады, – деп хабарлайды  «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Партия құқық қорғау органдарына осы оқиға бойынша тиісті сұрау салатынын хабарлайды.