×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

100 адам ұсталып, 55 telegram-арнаның қызметі тоқтатылды - ҚМА

20.08.2024, 09:24
100 адам ұсталып, 55 telegram-арнаның қызметі тоқтатылды - ҚМА
Фото: видеодан алынды

100-ден астам адам, оның ішінде ҰҚТ 12 мүшесі ұсталды. 

Қаржылық мониторинг агенттігі 55 telegram-арнаның заңсыз қызметін тоқтатты. Осылайша, 50 мыңнан астам адамды арбаған, жалпы айналымы 48 млрд теңгені құрайтын есірткі бизнесіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰҚТ 12 МҮШЕСІ ҰСТАЛДЫ

Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымға байланысты 60 қылмыстық іс қозғалды, оның жартысы – контрабанда фактілері. Онлайн наркошоптарға қатысты тағы 29 материал бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде. 100-ден астам адам, оның ішінде ҰҚТ 12 мүшесі ұсталды. 

«Айналымнан шамамен 100 кг ауыр есірткі – кокаин, кетамин, мефедрон және марихуана, сондай-ақ оларды жасау үшін 1 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді. Қылмыстардың қатысушылары - 30 мыңға жуық «дроптардың» банктік карталары бұғатталды», - деп хабарлады ҚМА.

35 НАРКОДИЛЕР ҰСТАЛДЫ

Мәселен, Шымкентте ірі мефедрон өндіру және тарату арнасы тоқтатылды. Есірткі лабораториясынан синтетикалық есірткі өндіруге арналған 1 тоннадан астам қышқыл тәркіленді. Оның өндірістік қуаты ай сайын 50 мың доза есірткі өндіруге мүмкіндік берген.

Халықаралық ынтымақтастық аясында ҚМА ТМД кеңістігінде есірткі таратқан трансұлттық интернет-дүкендерді жою бойынша Қазақстан, Беларусь және Ресей қаржы барлаушыларының қатысуымен арнайы операция жүргізді.

«Үш елдің аумағында үш ауқымды есірткі дүкені жабылды, 35 наркодилер ұсталды, 1 тоннадан астам психотроптық заттар және клиенттерге сатуға дайын 3,5 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Халықаралық «есірткі сатушылардың» жалпы табысы шамамен 30 миллион АҚШ долларын құрады, оның 12 миллионы криптовалютада шығарылды», - деп хабарлады агенттік.

ҚМА бастамасы бойынша Ұлттық Банктің және ҚНРДА қаулыларына өзгерістер енгізілді, бір клиентке бірнеше банк картасын шығару бойынша шектеулер белгіленді және онлайн режимде олардың мониторингі қамтамасыз етілді. Карта ұстаушылар саны 9,5 мыңнан 3,6 мың клиентке дейін қысқарды, 1,5 мың клиентке қашықтықтан қызмет көрсетуге қолжетімділік жабылды.