×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Украина әскері Курск облысының 92 елді мекенін алды

president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский Украина Қарулы күштерінің Курск облысында 1250 шаршы шақырым жерді, 92 елді мекенді өз бақылауына алғанын айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Сонымен бірге ол Украинаға Запорожье облысындағы Атом электр станциясын қайтару керектігін, АЭС-ның елдің қауіпсіздікке кепіл болатынын мәлімдеді.

УКРАИНАНЫҢ ҚАРАМАҒЫНА ТАҒЫ 10 СЕЛО ҚОСЫЛДЫ

Бұған дейін оған Украина әскерінің бас қолбасшысы Александр Сырский Украина әскерінің қол астына Курск облысының 82 елді мекені өткенін (аумағы 11500 шаршы шақырым), енді Белгород, Курск пен Брянск облыстарын қорғау бойынша үйлестіру кеңесінің құрылатынын баяндаған еді. Енді міне, Украина сарбаздары бір жетіге жетер-жетпес уақытта Ресейдің тағы 10 селосын өз қарамағына алды.

Украина жасағының Курс облысының жеріне шабуылы жасалып жатқан кезде Германия мен Дания елдері де Зеленскийдің Үкіметіне қару-жарақ беретінін мәлімдеді.

ГЕРМАНИЯ МЕН ДАНИЯ ҚАРУ-ЖАРАҚ БЕРІП ЖАТЫР

Германия Федеративтәк Республикасы Украинаға жаңа көмек пакетін жариялады.  Онда IRIS-T әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, теңіздегі барлаушы дрондары, 14 мың дана 155 мм-лік снаряд, эвакуациялық көліктер мен басқа да қару-жарақ бар.

Дания Корольдігі де соны үлгімен жасалған әскери техника мен оқ-дәріні береміз деп хабарлады. Осы ретте Дания Қорғаныс министрлігі бір мәлімдеме жасап та үлгерді.

Біз өзіміз берген қарумен Ресей аумағына соққы жасауға қарсы емеспіз. Украина біз берген қаруды қайда, қалай қолданады, өзі біледі, - деп мәлімдеді.

«ЕНДІ ЕШҚАНДАЙ КЕЛІССӨЗ БОЛМАЙДЫ»

Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров қазір Украинамен ешқандай келіссөздердің болмайтынын ескертті.

Украина Курск облысына әскермен кірді. Енді ешқандай келіссөз туралы әңгіме жоқ және болмайды да!, - деп кесіп айтты.

Ресейдің Курск облысы ғана емес, Ростов облысы да отқа орана бастады. Пролетарскі мұнай базасындағы өрттің өшірілмей жатқанына екі тәулік болды. Украина бұл базаға өзі жасап шығарған дрондармен соққы жасаған.  Өрт толық сөндіріліп болмай жатып, дәл осы мұнай базасы тағы жарылды.

Бұған дейін Ресейдің Курск облысының Глушковск ауданындағы үшінші көпірдің қиратылғаны туралы ақпарат шыққан еді. Енді Ресей әскерінің Курск облысында қоршауда қалу қаупі бар.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ресейдің Курск облысына шабуылдың басты мақсаты – Украина жерінде жасалатын шабуылдарды тежейтін, солардан қорғану үшін  буферлік аумақ жасау.