Полицияның хабарлауынша, істі Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция департаменті қозғаған, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
– Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр, – деген жауап келді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Боксшының осындай айыпқа ілінгені жөнінде ақпарат әуелі әлеуметтік желіге тараған еді.
Жаңқош Жасұланұлы Тұраров (20 қараша 1990, Ақкөл, Жамбыл облысы) — қазақстандық кәсіпқой боксшы. 2023 жылдың 21 наурызынан бастап бірінші жартылай орта салмақтағы IBO бокстан әлем чемпионы.