×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Шикі» тұстар көп»: ҰОК-дағы қызметінен шеттетілген Жанар Өтешева пікір білдірді

«Шикі» тұстар көп»: ҰОК-дағы қызметінен шеттетілген Жанар Өтешева пікір білдірді
Фото: olympic.kz

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің экс-бас хатшысы Жанар Өтешева жұмыстан босатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол өз жазбасында жұртшылыққа ұсынылған ақпараттың нұсқасында «шикі» тұстар көп екенін айтты.

«Сенімді жоғалтпаған» достардан келген қоңыраулар легінде шек жоқ.  Менде бәрі жақсы, бәріне көп рақмет. Ақпаратқа қатысты тек бір нәрсе айта аламын. Сіздерге ұсынылған нұсқада «шикі» тұстар көп. Олардың орны уақыт өте келе толатын болар. Оған дейін ешқандай пікір білдіре алмаймын. Кем дегенде біреу ер жігітке тән әрекет жасауы керек қой», - деп жазды Жанар Өтешева.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы қызметінен босатылған еді.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президентінің бұйрығымен бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылған болатын.

Сенімінің жоғалуына байланысты Жанар Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады, - делінген мәлімдемеде.