×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Майк Тайсон танымал блогермен қарашада жекпе-жекке шығады

Фото: ашық дереккөз

Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон күзде танымал блогер Джейк Полмен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жекпе-жек қайда өтеді

MVP промоутерлік компаниясының мәліметінше, жекпе-жек 15 қарашада Техаста 80 мың адамға арналған AT&T Stadium стадионында өтеді.

Айта кетсек, 19 тамызда Нью-Йоркте Тайсон мен Пол көз түйістірген болатын. Көз түйістіру барысында екеуі бірін-бірі итеріп жіберді.

Екеуінің арасындағы кездесу 21 шілдеге жоспарланған еді. Алайда Майк Тайсон ұшақта өзін нашар сезініп, жекпе-жек кейінге шегерілді.

Жалпы, Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылы аяқтаған болатын. Содан бері тек екі мәрте коммерциялық жекпе-жекте өнер көрсетті. Соңғы мәрте ол 2020 жылы аты аңызға айналған боксшы Рой Джонспен шоу өткізіп, жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды.

Джейк Пол туралы не белгілі

Тайсон WBA, IBF және WBC ауыр салмақтағы әлем чемпионы болды. Қазір ол 57 жаста.

Джейк Полға келетін болсақ, 27 жастағы блогер 2020 жылдан бері кәсіпқой бокста. 9-1, 6 КО рекордына ие.

Forbes журналы құрастырған 2018 жылғы ең көп жалақы алатын YouTube блогерлерінің рейтингінде Джек Пол екінші орында. Журналдың мәліметі бойынша, Джек Пол жүргізетін блогтың кірісі 2018 жылы 21 миллион доллардан асқан.