×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Париж бірге жұмыс істеуден жалтарып отыр — Ресей Дуровтың ұсталуы жайлы

25.08.2024, 14:28
Ашық дереккөзден

Ресей Франциядағы елшілігі арқылы Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елшілік Ресей тарапы тұтқындаудың себебін анықтауға тырысты деп мәлімдейді, бірақ "ресми Париж ынтымақтастықты қаламайды”.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Павел Дуровты ұстау туралы жаңалықтар пайда болғаннан кейін дереу француз билігінен оның себептер жөнінде түсініктеме сұралды. Оның құқықтарын қорғауды және консулдық қол жетімділікті қамтамасыз етуді талап етті. Бүгінгі жағдай бойынша француз тарапы әзірге осы мәселе бойынша өзара іс-қимылдан жалтарып отыр, - деп мәлімдеді РФ дипломатиялық өкілдігі.

Сенбі күні кешке Францияда Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желінің бірі – Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров қамауға алынды. Жаңалық агенттіктерінің хабарлауынша, ол жергілікті құқық қорғау органдарына қырын қарап, Telegram-да модерацияның болмағанына байланысты ұсталған.

Француз полицейлері бұл екі факт Дуровтың мессенджерін – терроризм, есірткі таратуда, балалар порнографиясы сынды қылмыстарға серіктес етті деп санайды. Telegram қолданушылары Павел Дуровтың ұсталуы оның "авторлық" TON криптовалютасының күрт төмендеуіне апарып соқтырғанын атап өтеді. Кейбірі тіпті мессенджердің "күні батты" болжайды. Бұл болжамдардың қаншалықты рас екенін Ulysmedia.kz тілшісі анықтап көрді.